Сурет: freepik.com
Қаржылық мониторинг агенттігі дропперлікпен күресті қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басым бағыты санайды. Жыл басынан бері агенттік қылмыстық кірістерді жылыстатумен айналысқан 33 дропперлік топтың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық схемаларды ұйымдастырған 40-тан астам адам анықталып, заңсыз әрекетке 500-ден астам азаматтың тартылғаны белгілі болды. Дропперлердің банктік шоттары арқылы жалпы сомасы 112 млрд теңгеден астам заңсыз қаржылық операциялар жүргізілген.
Тек соңғы екі айдың ішінде 1 000-нан астам дроп-карта бұғатталды. Мысалы, ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыру үшін азаматтардың банк шоттарын пайдаланған халықаралық «дроповодтар» желісінің қызметін тоқтатты. Банк шотын есірткі сатушыларға берген 10 дропперге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Осыған ұқсас схема Жетісу облысында да анықталды. Түркістан облысында дропперлік схема Telegram мессенджеріндегі жасырын куратор арқылы басқарылған.
Қаржылық мониторинг агенттігі дропперлік схемаларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Елдің қаржылық қауіпсіздігі әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады.
Мазмұнға өту
