Сурет: Ашық дереккөз
Уганданың солтүстігіндегі Кампала–Гулу тас жолында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала тергеу мәліметінше, Isuzu маркалы автобустың жүргізушісі жылдамдықты асырып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні айналып өтпек болғанда басқаруды жоғалтқан. Салдарынан автобус қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Actros жүк көлігімен соқтығысқан.
Полиция оқиға орнында 14 адамның көз жұмғанын, тағы 28 адамның ауыр жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгенін хабарлады. Угандада жол-көлік оқиғалары қоғамдық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Полиция өлімге әкелетін апаттардың көпшілігін жылдамдықты асыру, қауіпті басып озу және жүргізушілердің салғырттығымен байланыстырады.
Мазмұнға өту
