Саясат

М. Әуезов университетінде жаңа Конституцияға арналған дөңгелек үстел өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияны насихаттау және оның өзгерістерін түсіндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде профессор-оқытушылар, студенттер мен магистранттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар Ата заңның жаңартылған редакциясы мемлекет пен қоғам дамуының маңызды құжаты екенін атап өтті.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сманқызы Жаңа Конституцияның ел дамуындағы рөліне тоқталып, Конституциялық соттың өкілеттіктері мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы, Халық кеңесінің қызметі туралы баяндады. Ал PhD, доцент Ардақ Монтаев ұлттық код пен ұлттық құндылықтарды сақтау, Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы орны мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі жөнінде түсіндірме берді.

Кездесу барысында қатысушылар Конституциядағы жаңашылдықтардың елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және әділетті қоғам қалыптастыруға қосатын үлесін талқылады. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Көп оқылғандар