Әлем

Пәкістандағы содырлар шабуылынан 42 адам қаза тапты

Сурет: hawarnews.com

Пәкістанда содырлардың шабуылынан 18 полиция қызметкері мен 11 әскери қызметші қаза тапты. Апта басынан бері Белуджистан провинциясындағы шабуылдардан көз жұмғандар саны 42 адамға жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Операциялар барысында 54 содырдың көзі жойылған. Бірнеше шабуыл үшін жауапкершілікті Белуджистан азат ету армиясы өз мойнына алды.

Исламабад бұл ұйымның Үндістан тарапынан қолдау көретінін мәлімдейді. Ал Нью-Дели Пәкістан аумағындағы көтерілісшілер әрекетіне еш қатысы жоқ екенін айтты.

Көп оқылғандар