Сурет: ТЖМ
24 тамызда еліміздің бес өңірінде орман өрті тіркелді. Өрт ошақтарында жалынның таралуына жол бермеу және оны толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт оқиғалары Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Семей мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.
Қазіргі уақытта орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі жағдайы әуеден және жерүсті бағытта тұрақты бақылауда. Өрт белгілері анықталған жағдайда тиісті күштер мен құралдар жедел түрде оқиға орнына жіберіледі.
Өрт ошақтарында орман шаруашылығы қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» мамандары қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Мамандар жалынның таралуын шектеу, оның көршілес аумақтарға өтуіне жол бермеу, өртті толық сөндіру және қайта тұтану қаупін болдырмау шараларын жүргізуде.
Осыған байланысты тұрғындар мен табиғат аясында демалатын азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ескертіледі. Орман және дала аумақтарында от жаққан кезде сақтық танытып, оны қараусыз қалдырмау қажет. Демалыс орнынан кетер алдында оттың толық сөнгеніне көз жеткізу маңызды.
Мазмұнға өту
