Сурет: istockphoto.com
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреп, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Дегенмен, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта әлі де салқын болады.
Солтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ желдің күшеюі мүмкін.
Алдағы күндері күндізгі ауа температурасы:
- Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте – +28…+33°С;
- Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде – +23…+30°С;
- Оңтүстік-шығыста – +20…+27°С;
- Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – +10…+15°С.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер күз мезгіліне арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған еді.
