Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысының кейбір аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Күндіз ауа температурасы +41…+46 градусқа дейін көтеріліп, бұл көрсеткіш климаттық нормадан жоғары болады.
Батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы ықтимал.
Жауын-шашынның әсерінен еліміздің батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, күндізгі температура +22…+35 градус аралығында болады.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы уақытша +21…+36 градусқа дейін төмендейді. Ал орталық және шығыс аймақтарда өте ыстық ауа райы сақталып, сынап бағаны +41 градусқа дейін жетеді.
Мазмұнға өту
