Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда 2026 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қиярдың бағасы 4,3%-ға арзандап, ең көп төмендеген өнім болды. Сондай-ақ қырыққабат (1,5%), картоп (1,4%), қызанақ (0,8%), алма (0,7%), пияз (0,4%), сүзбе (0,3%), күріш, қарақұмық жармасы, қатты және жартылай қатты ірімшік, тұз (0,1%) бағасы төмендеді.
Бірінші сұрыпты бидай ұны, одан дайындалған нан, сүт (пастерленген, ультрапастерленген, 2,2%-дан 6% дейінгі майлылықтағы стерильденген сүт), қаймақ және сары май бағасы өзгеріссіз қалды.
Өңірлік бөліністе Қонаев, Өскемен, Талдықорған қалаларында баға деңгейі 0,4%-ға, Ақтөбеде 0,2%-ға, Алматы, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Орал, Түркістан қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Астана, Жезқазған, Қарағанды, Петропавл, Семей, Тараз қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.
Қиярдың орташа бағасы килограмына 502 теңгені құрады, ең төмен баға Таразда – 339 теңге. Тазартылған күріштің орташа бағасы 533 теңге, ең қолжетімді бағалар Қызылордада (456 теңге) және Ақтауда (472 теңге) тіркелді. Картоптың орташа бағасы 283 теңге, ең төмені Түркістанда – 218 теңге.
I санаттағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 564 теңге, ең төмен бағалар Қызылордада (464 теңге) және Оралда (471 теңге) байқалды. Ет өнімдерінің орташа бағасы: сүйекті сиыр еті – 3 775 теңге/кг, тауық еті – 1 758 теңге/кг.
Мазмұнға өту
