Басты тақырып

Қазақстанда 42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Батыс пен шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейіп, батыста және шығыста дауыл күтіледі. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық болады. Жамбыл мен Маңғыстау облыстарында термометр бағаны 38-42 градусқа жетеді. Түркістан және Қызылорда облыстарында 40-42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық болжанып отыр.

Көп оқылғандар