Сурет: Egemen Qazaqstan
2026 жылдың алғашқы алты айында халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға, ал қаза тапқандар саны 17%-ға азайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігінің сауалына жауап беріп, биылғы жартыжылдықта республикалық трассаларда 1 371 жол апаты тіркелгенін мәлімдеді. Бұл былтырғы көрсеткіштен (1 507) 9%-ға аз.
Жол апатынан қаза тапқандар саны 401-ден 332-ге, яғни 17%-ға кеміген. Жарақат алғандар саны да 2 840-тан 2 587-ге төмендеп, 9%-ға азайған.
Мазмұнға өту
