Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдарда тәулік бойы бейнемониторинг жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе көлік қозғалысын қадағалап, жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайларды анықтауға, сондай-ақ жол қызметтерін оқиға орнына жедел жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, пилоттық жобалар Астана – Теміртау және Алматы – Қонаев бағыттарындағы тасжолдарда жүзеге асырылып жатыр.
Жоба іске қосылғалы бері жүйе шамамен 8 мың оқиғаны анықтаған. Әрбір жағдай бойынша жол қызметтері тиісті шаралар қабылдаған.
Сонымен қатар, жаңа бақылау жүйесі Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бурылбайтал және Қызылорда – Арал бағыттарындағы тасжолдарда жұмыс істейді. Бұл ретте жасанды интеллект жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Алматы облысында 9100 бейнебақылау камерасы орнатылады. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылмақ.
Мазмұнға өту
