Әлем

Қазақстан Украина футболын қолдау жобасына қосылды: 27 елдің қатарында

Қазақстан Украина футболын қолдау бағдарламасына қосылды. Бұл жоба аясында украиндық футболшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсетіледі.

Қазіргі уақытта УЕФА-ға мүше 27 ел осы бастамаға қосылған. Қазақстан да осы елдердің қатарына енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жобаның мақсаты – Украинадағы футбол инфрақұрылымын қалпына келтіру және жас таланттарды қолдау. Қазақстандық тарап бұл бағдарлама аясында тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.

Көп оқылғандар