Сурет: Egemen Qazaqstan
15 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында сегіз орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрттің үшеуі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, екеуі Сандықтау орман шаруашылығында, тағы екеуі «Бурабай» ұлттық паркінде, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелген.
Барлық өрт ошақтары авиациялық патрульдеу мен ерте анықтау жүйелерінің көмегімен дер кезінде анықталған. Өртті сөндіру жұмыстарына бірден орман күзеті қызметкерлері мен авиациялық өртке қарсы қызмет мамандары жұмылдырылды.
Бір аптада елімізде 43 орман өрті тіркелді. Ведомство мәліметінше, аптап ыстықтың салдарынан құрғақ өсімдіктердің жану жағдайлары жиілеген. Осыған байланысты мамандар тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Мазмұнға өту
