Басты тақырып

Қазақстан орман қорында бір тәулікте үш өрт оқиғасы тіркелді

Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

25 шілдеде еліміз бойынша орман қоры жерінде үш өрт тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Бурабай ұлттық паркінде екі өрт болған. Оларды сөндіруге «Казавиаорманқорғау» РМҚК-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылып, орманшылар мен әуе десантшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылы арқасында өрт оқшауланған.

«Семей орманы» резерватында найзағайдан туындаған шағын өрт ошағы қысқа мерзімде толық сөндірілді.

Өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушылар мен орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз, — деп ескертті министрлік.

Көп оқылғандар