Саясат

Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды: 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық дарынды оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Халықаралық бәйгеде еліміздің құрамасы 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Байқауға әлемнің 20-дан астам елінен жүздеген оқушы қатысты. Қазақстандықтар алтын, күміс және қола жүлделерді иеленді.

«Біздің оқушылар өте күрделі есептерді шығарып, лайықты жеңіске жетті. Бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі», – деді ұлттық құрама жаттықтырушысы Нұрлан Сәрсенбаев.

Жеңімпаздардың арасында Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының оқушылары бар. Олар келесі халықаралық олимпиадаларға дайындықты бастап кетті.

Көп оқылғандар