Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы терминалынан (КТК) тасымалдауға пайдаланылатын америкалық «Chevron» компаниясы жалдаған мұнай танкері Қара теңізде дрондардың шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Yasa Polaris танкеріне КТК-ға жақындап келе жатқан кезде ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған.
«Chevron» компаниясы агенттіктің сауалына берген жауабында бұл жағдай операциялық қызмет пен экспорттық жеткізілімдерге әсер етпегенін айтқан.
«Экипаж мүшелері қауіпсіз жерде, кеменің жүзу тұрақтылығы сақталған. Танкер қауіпсіз портқа бет алды. Біз кеме операторы және құзырлы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз», делінген хабарламада.
Еске салайық, Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын екі кемеге шабуыл жасалғанын растаған еді.
Мазмұнға өту
