Categories Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан заңсыз активтерді қайтару тетіктерін талқылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан мен Өзбекстан заңсыз активтерді қайтару мәселелері бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп «Заңсыз иемденілген активтерді анықтау, оларға тыйым салу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шара екі елдің Бас Прокурорлары қол қойған Ынтымақтастық туралы меморандум мен 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар бағдарламасын іске асыру аясында өтті.

Семинарда заңсыз иемденілген активтерді іздестіру, оларға тыйым салу, тәркілеу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңын қолдану практикасына, азаматтық тәркілеу институтын пайдалануға, қайтарылған активтерді басқаруға және цифрлық активтерге қатысты қылмыстарды тергеуге ерекше көңіл бөлінді.

Қатысушылар практикалық тәжірибе алмасып, қаржылық қылмыстардың трансұлттық сипатына байланысты заманауи сын-қатерлерді қарастырды. Семинар қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті дамытуға, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және заңсыз активтерді анықтау мен қайтару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделілігін білдірді.

Ұқсас жазбалар

Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері анықталды

Мәжілісте БАҚ қызметкерлері күніне орай журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Салтанатты шарада Мәжіліс…

Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік бірқатар жобаның жүзеге асырылу барысын тексерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба –…

Қазақстан мен Корея парламентаралық байланыстарды нығайтуды талқылады

Қазақстанның Кореядағы елшісі Асет Исенали Корея Ұлттық Ассамблеясының депутаты Ли Чжэ Канмен кездесіп, парламентаралық байланыстарды…