Categories Саясат

Қазақстан мен Черногория арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министр Олжас Бектенов Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесіп, екі ел президенттерінің келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуын бақылауға алатынын айтты. Яков Милатович екіжақты келісімдердің жобалары әзірленіп жатқанын, олар экономикалық ынтымақтастық, әділет саласындағы әріптестік және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды қамтитынын атап өтті.

Кездесуде екіжақты тауар айналымының қазіргі деңгейі ынтымақтастықтың әлеуетін толық аша алмайтыны айтылды. Сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, туризм және білім салаларындағы перспективалы жобаларға назар аударылды.

Агроөнеркәсіп кешенінде Қазақстан Черногория нарығына ұн, бидай, майлы дақылдар мен терең өңделген өнімдерді экспорттауға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымын, тұқым шаруашылығын, биотехнологияларды және мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Көлік-логистика саласында Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі рөлі атап өтілді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі өткен жылы 36%-дан астам өсіп, 77 мың ЖФЭ контейнерін құрады. TХКБ-ның қуатын Бар портымен жұптастыру арқылы Оңтүстік және Орталық Еуропаға жаңа мультимодальды дәліз құру мүмкіндігі қарастырылды.

Цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді, олардың 90%-дан астамы онлайн режимде қолжетімді. Бірлескен GovTech және ЖИ-бастамаларын құру арқылы цифрлық трансформация, ЖИ, мемлекеттік басқару мен инновациялар саласындағы әріптестікті кеңейту әлеуеті бар.

Олжас Бектенов Черногория делегациясына инвестициялық ахуал туралы ақпарат берді. Негізгі шаралар қатарында 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңарту, инвестициялық штабтың жұмысы, Бас прокуратура жанындағы салалық комитет қызметі шеңберінде инвесторлардың құқығын қорғауды күшейту және «Altyn Visa» арнайы визалық режимін енгізу бар.

Премьер-министр Үкіметтің жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асыруға толық дайын екенін растады.

Ұқсас жазбалар

Мәжілісте Черногория Президентімен кездесу өтті

Мәжілісте Палата спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті қабылдады. Бұл…

«Әділет» партиясында ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшелері мүшелері Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева Еуропадағы қауіпсіздік және…

Амнистия-2026: миллионнан астам айыппұл кешіріледі, бірақ қауіпті қылмыскерлер босатылмайды

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа Конституцияға байланысты амнистияны қолдану тәртібін түсіндірді.