Қоғам

Қазақстан мектептерінде оқушыларды бағалау жүйесі өзгереді

Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда оқушылардың білімін бағалау ережелері өзгеруі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Оқу-ағарту министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, 2–4-сынып оқушыларының білімі қалыптастырушы бағалау, сондай-ақ тақырыптық және қорытынды бақылау арқылы бағаланады.

Ал 5–11-сынып, ал кейбір мектептерде 12-сынып оқушылары үшін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүйесі сақталады.

Министрліктің түсіндіруінше, тоқсандық баға білімді тексерудің барлық түрлерінің нәтижелері негізінде қойылады. Бұл оқушылардың оқу жетістіктерін барынша әділ әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін бастауыш сыныптардан БЖБ мен ТЖБ сынақтарын алып тастау мәселесі қызу талқыланды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде бұл шешімнің негіздемесін түсіндірді.

Көп оқылғандар