Сурет: ТСМ
Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші ойында қазақстандықтар Жапонияны 3:2 есебімен ұтты. Екінші матчта Қытай командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Оңтүстік Кореямен кездесу негізгі уақытта 0:0 есебімен тең аяқталып, буллиттер сериясында Қазақстан 4:3 есебімен басым түсті.
Бұған дейін хоккейшілеріміз 2024 және 2025 жылдары да Азия чемпионы атанған. Осылайша, үш матчта да жеңіліс таппаған спортшыларымыз турнир кестесінде бірінші орынға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
Мазмұнға өту
