Categories Қоғам

Қазақстан Ауғанстанға 318,8 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Ауғанстанға жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық жүк пен дәрігерлер тобын жіберді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, гуманитарлық жүктің құрамына 1,867 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар, 300 тонна қант, 100 жазғы шатыр, төсек-орын жабдықтары және басқа да қажетті заттар кірген.

Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастап барды. Делегация құрамында жетекші медициналық ұйымдардың тоғыз маманы бар. Олар Ауғанстанда Қазақстан медицинасы күндері аясында бір апта бойы кеңес беріп, практикалық көмек көрсетеді және шеберлік сабақтарын өткізеді.

Гуманитарлық жүктің негізгі бөлігі сегіз вагонмен теміржол арқылы Балх провинциясындағы Хайратон станциясына жеткізілді. Дәрі-дәрмектің бір бөлігі делегациямен бірге әуе көлігімен тасымалданды.

Көмекті жеткізуді KazAID агенттігі Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Үкімет 17 маусымда Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын Алматыда құру туралы заңға қол қойғанын еске салды.

Ұқсас жазбалар

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен…

ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық…

Әлем Кубогының жартылай финалына сегіз боксшымыз шықты

Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының ширек финалдық кездесулері аяқталды. Лаура Есенкелді, Тимур Нұрсейітов және Алуа…