Саясат

Қазақстан әскерінің жауынгерлік әзірлігі сыналды: Бас штаб бастығы шығыс гарнизондарды тексерді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров шығыс гарнизондардағы әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығын тексерді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында басқару органдары мен құрамалардың жұмысына баса назар аударылды. Генерал-лейтенант Әбубәкіров әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін бағалады.

«Біздің басты міндетіміз – әскердің кез келген шақыруға дайын болуы. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, шығыс гарнизондардағы жауынгерлік дайындық деңгейі жоғары», – деді Қаныш Әбубәкіров.

Сондай-ақ, ол жеке құраммен кездесіп, олардың тұрмыстық жағдайы мен әлеуметтік мәселелерімен танысты. Жауынгерлік дайындықты одан әрі жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Көп оқылғандар