Categories Жайық news

Қазақ асханасы әлемдегі ең дәмсіздердің бірі атанды: Жаңа рейтинг жарияланды

World Population Review порталы әлем елдерінің асханаларына зерттеу жүргізіп, ең дәмді және керісінше, танымалдылығы төмен тағамдардың тізімін жасады. Өкінішке қарай, қазақтың ұлттық тағамдары бұл рейтингте соңғы орындардың бірін иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа зерттеуге әлемнің 99 елі қатысқан. Сарапшылар 11 мыңнан астам тағам түріне қатысты 400 мыңға жуық адамның пікірін негізге алған.

Рейтингтің көшін Грекия асханасы бастап тұр. Екінші орынға Италия жайғасса, үздік үштікті Мексика қорытындылады. Сондай-ақ алғашқы бестікке Түркия мен Испанияның ұлттық тағамдары енген.

Ал ең дәмсіз деп танылған асханалар қатарында Никарагуа мен Лаос бар. Қазақстан бұл тізімде 92-орынға тұрақтап, әлемдегі танымалдылығы ең төмен асханалардың санатына қосылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…