Қоғам

Қазақ әдебиеті әлемге танылуда: кітаптар 90-нан астам елге жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Отандық авторлардың туындылары шет тілдеріне аударылып, шетелде басылып жатыр. Абай, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин және басқа да белгілі жазушылардың шығармалары осы тізімде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі қазақ әдебиетінің антологиялары БҰҰ-ның алты ресми тіліне аударылып, жарық көрді. 120 мыңнан астам кітап әлемнің 90-нан астам еліндегі кітапханалар мен университеттерге жіберілді.

Қазақ әдебиетіне қызығушылық цифрлық кеңістікте де артып келеді. Ұлттық академиялық кітапхананың электрондық ресурстарын әлемнің 120 елінен оқырмандар пайдаланады. Ал Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасына 125 мемлекеттің пайдаланушылары кіреді.

Шетелдерде қазақ әдебиетінің орталықтары да жұмыс істейді. Қазір мұндай орталықтар 41 елде ашылған. Шетелдік оқырмандар арасында ең көп қызығушылық тудырып отырған бағыттар – қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы және түркі әлеміне қатысты зерттеулер.

Көп оқылғандар