Categories Қоғам

Қаржы пирамидасы «CVK»-ның қызметі тоқтатылды

Сурет: Ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба өзін маркетплейс ретінде көрсетіп, қатысушыларға тұрақты табыс уәде ететін инвестициялық «дүкен» пакеттерін сатып алуды ұсынған. Сауда қызметін бейнелеу үшін жеке кабинетте жоқ тауарларға тапсырыстар мен жеткізілімдер көрсетіліп, виртуалды сыйақылар есептелген.

Негізгі назар реферальдық жүйеге аударылған: қатысушыларға жаңа салымшыларды тартқаны үшін ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген. Агрессивті өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның арқасында ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан.

Жобаны ілгерілету үшін жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылу рәсімдері және жаппай таныстырылымдар өткізілген. Бұл іс-шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, халықтың сенімін қалыптастыру құралы ретінде пайдаланылған.

Ақша қаражатын шығару криптовалюталық платформа арқылы жүзеге асырылып, кейін банктік шоттарға аударылған. Агенттіктің жедел шаралары нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды,

делінген ақпаратта.

Ұқсас жазбалар

Жасөспірімдер жазда 100 мың теңгеге дейін табыс таба алады

Мектеп оқушылары жазғы демалыста ресми жұмыс істеп, 100 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Бұл…

20 үздік педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді

Астанада алғаш рет өткен «EduAI: Педагогикалық хакатон» екі күнге созылды. Оған 400-ге жуық педагог қатысып,…

Қарулы күштерде екі жылдық қызметке шақырылған запастағы офицерлерді оқыту курстары аяқталды

Тылдық, техникалық және инженерлік қамтамасыз ету, автоматтандырылған басқару жүйелері, зымыран-артиллериялық қару-жарақ, радиациялық, химиялық және биологиялық…