Қазақстанда қандас мәртебесін алу тәртібі күшейді. Енді шетел азаматтары бұл мәртебені алу үшін қазақ тілін білуі керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді тіл талабы міндетті шартқа айналды.
Бұл өзгерістер шетелде жүрген қазақтарға да, өзге ұлт өкілдеріне де қатысты. Қандас мәртебесін алуға ниет білдіргендер алдымен қазақ тілін меңгеруі тиіс.

