Басты тақырып

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық грант берілді

Алматының «Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза ерекше жетістігі үшін Қазақ спорт және туризм академиясының ректорлық білім беру грантына ие болды.

Футболшы бұл құрметке ризашылығын білдіріп, спорттағы әрі білім саласындағы жетістіктерін ел дамуына арнайтынын айтты.

“Бұл — мен үшін үлкен мотивация. Қазақстандағы футболдың дамуына өз үлесімді қосқым келеді,” – деді Шерхан.

 

Айта кетейік, ол бұған дейін аталған оқу орнында ақылы бөлімде білім алып жүрген болатын.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *