Ресей президенті Владимир Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Екі ел басшылары кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.
«Біздің әріптестігіміз сындарлы кезеңде де берік болатынын дәлелдеді. Қытай – Ресейдің сенімді серіктесі», — деді Путин кездесуде.
Си Цзиньпин екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға және жаңа технологиялар саласында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Тараптар алдағы уақытта бірқатар ірі жобаны іске асыруға келісті.
Мазмұнға өту
