Басты тақырып

Президент Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңісімен құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды.

Естеріңізде салайық, кеше Астанада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2026» республикалық турнирінің финалдық белдесуінде Ғалымжан Қырықбай мен Жантілек Нұртілепұлы күресті. Шешуші белдесу қорытындысы бойынша Нұртілепұлы жеңіске жетіп, жарыстың басты жүлдесін иеленді.

Чемпионға «Қазақстан Барысы» атағы, алтын белбеу, ауыспалы «Тайтұяқ» кубогі және 15 миллион теңге табысталды. Күміс жүлдегерге 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегерге 1,5 миллион теңге беріді.

Көп оқылғандар