Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау хатын жолдап, Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент бұл күннің ерекше тарихи маңызын атап өтіп, Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына адалдығын айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына қосқан үлесін атап, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал американ халқына бақ-береке тіледі.

