Сурет: Мұрағат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент жеделхатында Бақтыбай Рахмонұлының мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болғанын атап өтті.
«Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген жеделхатта.
Мазмұнға өту
