Басты тақырып

Президент семсерлесуден әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконгта өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Көп оқылғандар