Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент сөзін қорыта келе, еліміздің Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамытуға бейіл екенін растады.
— Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасындағы ұстанымына келер болсақ, біз Ресейді әрдайым ұлы мемлекет деп санаймыз. Бұған еш күмәніңіз болмасын. Мен бұл туралы барлық халықаралық форумдарда айтып жүрмін. Біз қанша қиын болса да, Ресеймен стратегиялық серіктестікті және одақтастық қатынастарды дамытуға бейілміз. Бүгінгі форум — соның айғағы, — деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Президент Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға барды.
Мазмұнға өту
