Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан елдері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға аттанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Айта кетейік, бұл кездесу 31 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді.
Еске салайық, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын құттықтады. 29 шілдеде Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс білдірді.
Мазмұнға өту
