Президент: Қазақстан шетел инвестициясын тарту бойынша аймақта көш бастап тұр

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, елге инвестиция тартуда тиімді құқықтық орта қалыптастыру маңызды рөл атқарады.

Инвестиция тартудың тағы бір маңызды факторы бар. Астана халықаралық қаржы орталығында Сот пен Арбитраж орталығы ағылшын құқығы қағидаттарына сай жұмыс істейді. Елімізде Үкімет жанынан Инвестициялық штаб құрылған. Аталған штаб соңғы уақытта инвестициялық жобаларға қатысты түйткілді мәселелерді жедел шешу арқылы өзінің тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар Президент Жарлығымен Бас Прокуратурада Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Біз іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға барынша мүдделі мемлекет ретінде осы саладағы жұмысты айрықша назарда ұстаймыз. Қазір Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша біздің аймақта көш бастап тұр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жазбалар

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.

Елордада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсті

Астанада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсіп, 311 оқиға тіркелді. Салдарынан 412 бала жарақат алып,…

Президент: Билік пен бизнес мәселелерді бірлесе шешуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың маңызын атап, инвестициялық дауларды шешуге қолайлы орта…