Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президентке Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Қанатбек Жайсанбаев Хатшылықтың Кеңес қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз ететінін жеткізді.
Президент Халық Кеңесін Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы деп атады. Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Кеңестің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын тиімді үйлестіруді тапсырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты жоғары деңгейде жүргізу қажеттігін айтты.
Мазмұнға өту
