Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жіберді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент жеделхатта Қатардың бұрынғы Әмірі, Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болғаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдағанын жеткізді. Тоқаев Қатар Әмірі мен оның әулетіне, сондай-ақ барша қатарлықтарға көңіл айтты.
«Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», делінген жеделхатта.
Мазмұнға өту
