Басты тақырып

Президент Премьер-министрге бірқатар нақты тапсырма берді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесуде Президент Үкіметтің алдағы кезеңдегі басым міндеттерін белгілеп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Президент барлық мемлекеттік органдарды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет жұмысында нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды.

Еске сала кетейік, бүгін, 31 тамызда, Президент Жарлығымен Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының ұсынысымен Ерлан Қарин Вице-президент болды.

Көп оқылғандар