Президент Павлодар облысының әкімімен өңір дамуын талқылады

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде былтырғы жыл мен 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштерге тоқталды. Әкім өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым саласындағы жетістіктерді баяндады.

«Біз жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту бойынша жоспарды орындадық. Ендігі мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру», – деді Байханов.

Президент өңірдің даму қарқынына оң баға беріп, алдағы міндеттерді нақтылады. Әсіресе, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…