Сурет: Конституциялық Сот
Мемлекет басшысының жарлықтарына сәйкес Конституциялық Сот судьяларының құрамы тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Конституциялық Сот судьяларының қатарына Сәкен Абдолла, Лейла Жақаева, Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Төкиев және Сергей Ударцев кірді.
Бұған дейін Президент Жарлығымен Эльвира Азимова Конституциялық Сот Төрағасы болып тағайындалғанын еске саламыз.
