Басты тақырып

Президент кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ардақ Әмірқұловтың қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеделхатта Ардақ Әмірқұловтың саналы ғұмырын кино өнеріне арнап, ұлт мәдениетін дәріптеуге елеулі үлес қосқаны атап өтілген. Ол кәсіби киногер ретінде «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» секілді тарихи туындыларды түсіріп, руханиятымыздың алтын қорын байытқан.

Сондай-ақ, оның қазақ кинематографиясын дамытуда ұстаздық етіп, талантты шәкірттер тәрбиелегені, соңына мол рухани мұра қалдырғаны және оның иманы саламат, жаны жәннатта болуы тілегі білдірілген.

Көп оқылғандар