Басты тақырып

Президент Испания халқын футболдан әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін», деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, әлем чемпионатының финалы АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Метлайф» стадионында өтті. Негізгі уақытта есеп ашылмағанымен, 106-минутта Ферран Торрес мергендік танытып, матчтағы жалғыз голды соқты. Нәтижесінде Испания құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Көп оқылғандар