Басты тақырып

Президент Иордан Королін Астана әуежайында қарсы алды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қазақстанға келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім барысында ұшу-қону алаңында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Сонымен қатар 5-7 қараша аралығында Мемлекет басшысының шақыруымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да елімізге ресми сапармен келеді.

Көп оқылғандар