Сурет: ашық дереккөз
Ұлттық тестілеу орталығы 2027 жылғы ҰБТ-ға тіркелу тәртібін түсіндірді. Тестілеуге мектеп түлектерімен қатар, мектепті бұрын бітірген азаматтар да өтініш бере алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар ҰБТ тапсыруға колледж түлектері мен шетелде білім алған Қазақстан азаматтары мүмкіндік алады. Қазақ ұлтына жататын шетел азаматтары – қандастар да тестілеуге қатыса алады.
Шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттер де, ақылы негізде білім берудің басқа бағыттарына ауысуды жоспарлағандар да ҰБТ-ға өтініш бере алады. Мұндай мүмкіндік «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша ақылы бөлімге ауысқысы келетін студенттерге де қарастырылған.
Бұған дейін ҰБТ-ның жаңа форматы таныстырылғаны еске салынады.
Мазмұнға өту
