Ақорда

Президент ЕАЭО-ның сауда әлеуетін іске асырудың маңызын түсіндірді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы сауда-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, ЕАЭО елдері арасындағы сауда көлемін арттыру және жаңа нарықтарға шығу – басты міндеттердің бірі. Бұл бағытта одақтың транзиттік әлеуеті мен логистикалық мүмкіндіктерін толық іске қосу керек.

«Біздің ортақ мақсатымыз – ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық байланыстарын нығайтып, одақтың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру», – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы цифрландыру мен инновацияны енгізу арқылы сауда рәсімдерін жеңілдетуге шақырды. Бұл бастамалар Қазақстанның да экспорттық әлеуетін кеңейтуге септігін тигізеді.

Көп оқылғандар