Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заң мен жарлыққа қол қойды. Олардың ішінде Алатау қаласын дамытуға қатысты жарлыққа өзгерістер, «Топырақты қорғау туралы» заң және жер қатынастары мен агроөнеркәсіптік кешен бойынша заңнамалық түзетулер бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ «Топырақты қорғау туралы» заңға және топырақты қорғау, жер қатынастары, агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойылды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Мазмұнға өту
