Басты тақырып

Президент бірқатар елдегі елшілерді тағайындады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Әлібек Әсетұлы Бақаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елші лауазымына ие болды, ол бұрынғы қызметінен босатылды. Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстанның Румыниядағы елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Өзбекстандағы елшілік қызметінен, ал Ерлік Шәкірұлы Әли Румыниядағы елшілік лауазымынан босатылды.

Көп оқылғандар