Президент әкімшілік әділет рөлінің нығаюын атап өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Форумда Президент әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі туралы айтты. Оның пікірінше, бұл тәжірибе мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқындайтын сынақ болды. Нәтижесі сотқа деген сенімнің артқанын көрсетті. Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді.

Кейбір азаматтар соттардың шешіміне наразылықтарын білдіріп, өз үміттері ақталмағандарын алға тартады. Бұл бұған дейін де болған, қазір де кездеседі. Мұндай шағымдардың көбі өкпе-ренішке немесе біржақты пікірге құрылады. Бірақ қандай жағдай болса да мұндай пікірлерді тексеріп, әділ шешім қабылдау керек. Сондықтан жаңа Конституцияда әкімшілік сот төрелігін сот ісін жүргізудің дербес нысаны ретінде бекітудің маңызы зор, — деді Президент.

Мемлекет басшысы күн тәртібінде сотқа шағымданудың қасаң моделін сот ісін жүргізу тәуекелдерін стратегиялық басқаруға ауыстыру қарастырылып отырғанын айтты. Үкімет қазірдің өзінде тиісті ережелерді әзірлеген.

Енді орталық және жергілікті деңгейде әкімшілік актілер мен рәсімдердің бірізділігін қамтамасыз ету қажет. Бұрын келіп түскен шағымдар мен өтініштерде қаралған мәселелер қайтадан соттағы дау-дамай нысанасы болмауы керек. Әкімшілік тәжірибенің жүйелілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Жария құқықтық сипаттағы дау-дамайды әкімшілік сот төрелігі деңгейіне беру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Былтыр бұл қосымша құқықтық-нормативтік актілердің заңдылығын қарайтын істерді қамтыды. Бұған дейін мұндай дау-дамайға қатысты шешім азаматтық іс жүргізу нормаларына сәйкес қабылданып келген.

Ұқсас жазбалар

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.

Елордада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсті

Астанада балалар қатысқан жол апаттары 36,4%-ға өсіп, 311 оқиға тіркелді. Салдарынан 412 бала жарақат алып,…

Президент: Билік пен бизнес мәселелерді бірлесе шешуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың маңызын атап, инвестициялық дауларды шешуге қолайлы орта…