Полицияға үш күнде 2400-ден астам жасөспірім жеткізілді

Сурет: Gov.kz

1-3 шілде аралығында бірнеше өңірде балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтті. Оған 3 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Рейдтер Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай, Ұлытау облыстарында өтті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полицияға 2400-ден астам кәмелетке толмаған жеткізілген. Оның ішінде 1500-ден астамы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, 1000-ға жуығы қараусыз және панасыз жүргені үшін жеткізілген.

Жалпы 4000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бала тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін 257 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ балаларының түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруіне жол бергені үшін 1500-ге жуық ата-анаға шара қолданылды.

ІІМ атап өткендей, іс-шаралар өткен кезеңде бұл өңірлерде кәмелетке толмағандардың қатысуымен бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның басым бөлігінде 6 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік және шығыс өңірлерде найзағай мен…

Алматы тауларында жарақат алған 18 жастағы турист қыз құтқарылды

Үлкен Алматы көлі маңында 2300 метр биіктікте 18 жастағы турист қыз аяғын жарақаттап, құтқарушылар көмек…

Шри-Ланка түрмесіндегі қақтығыстан 25 адам қаза тапты

Шри-Ланка астанасы маңындағы түрмеде болған қақтығыстан кемінде 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат…