Қоғам

Полиция ЖИ көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақтандырды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Полиция қызметкерлері азаматтарды жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алаяқтар жасанды интеллект көмегімен адамның дауысы мен бейнесін қолдан жасап, бейнеқоңырау кезінде өзін туысы немесе жақын адамы ретінде таныстыра алады. Әдетте олар шұғыл ақша қажет екенін айтып, қаражатты дереу аударуды өтінеді.

Алаяқтықтан қорғайтын қарапайым 5 ереже:

  • шұғыл ақша аудару туралы өтінішке бірден сенбеңіз;
  • қоңырауды тоқтатып, жақын адамыңызға өзіңіз қайта хабарласыңыз;
  • отбасы мүшелерімен алдын ала құпия сөз немесе бақылау сұрағын келісіп алыңыз;
  • банк картасының деректерін, SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз;
  • күдік туындаса, полицияға хабарласыңыз.

Ақша аудармас бұрын ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз. Бір минуттық тексеру қаржылық шығынның алдын алуы мүмкін.

Көп оқылғандар